«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 887 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
5-бөлімде:
3.2-мақсатта:
реттік нөмірі 53-жолда:
«2019 жыл» деген бағанда «489,6» деген сан «507,3» деген санмен ауыстырылсын;
6-бөлім осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Стратегиялық жоспарлау департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің веб-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді, таратылуға жатады.
Министр Р. Скляр
|
«КЕЛІСІЛГЕН»: Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы ________________ Ж. Мадиев _____ жылғы «____» ___________ |
«КЕЛІСІЛГЕН»: Қазақстан Республикасының Қаржы бірінші вице-министрі ____________________ Б. Шолпанқұлов _____жылғы «____» _________ |