2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 83-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2019 жылға арналған қолданыстағы реттегіш құралдарды қайта қарау жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
Жоспардың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
Осы бұйрықтың орындалуын үйлестіру Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таратылуға жатады.
Министр Ж. Қасымбек