2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 63-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) 2019 жылға арналған операциялық жоспары (бұдан әрі – Операциялық жоспары) бекітілсін.
Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары:
Министрліктің Операциялық жоспарының іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Министрліктің Операциялық жоспарының орындалуы туралы есептік ақпаратты Министрліктің Стратегиялық жоспарлау департаментіне ұсынсын.
3. Министрліктің Стратегиялық жоспарлау департаменті:
1) осы бұйрықты Министрліктің веб-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін;
2) тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей Министрліктің Операциялық жоспарының орындалуы туралы есептік ақпаратты Министрліктің Жауапты хатшысына ұсынсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таратылуға жатады.
Жауапты хатшы З. Сагинов