«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2019 жылға арналған операциялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жауапты хатшысының 2019 жылғы 4 қаңтардағы № 1 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2019 жылға арналған операциялық жоспары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) Стратегиялық жоспарлау департаменті осы бұйрықты Министрліктің веб-порталында орналастыруды қамтамсыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таратылуға жатады.
Жауапты хатшы М. Пішембаев