«Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010 жылғы 13 тамыздағы № 362 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларына:
5-тармақта:
Мынандай мазмұндағы 11) тармақшасымен толықтырылсын:
«11) Дөңгелекті бұғаттағыш – көлік құралының дөңгелегіне орнатылатын, оның одан әрі қозғалу мүмкіндігін болдырмайтын арнайы бұғаттағыш құрылғы.»
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Инспекцияның көліктегі бақылау бөлімінің басшысы немесе оны алмастыратын адам (ол жоқ болған кезде - оны алмастыратын адам) жылжымалы КББ әрбір ауысымына, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша маршрут карточкасы екі данада жасайды, олардың біреуі Инспекцияда бір күнтізбелік жыл сақталады, басқасы жылжымалы КББ ауысымына тапсырылады.
Жылжымалы КББ маршрут карточкасына бір маршрутты қатарынан үш ауысым бойынша қосуға жол берілмейді.
Маршрут карточкасы тәуліктің әртүрлі сағаттарында және жылдың уақытында көлік құралдары қозғалысының қарқындылығын ескере отырып жасалады.
Көлік құралдары қозғалысының қарқындылығы арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша, автомобиль жолдарын басқару жөніндегі Ұлттық оператордың деректері бойынша, басқа мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлескен іс-шаралардың қорытындылары бойынша айқындалады.
Инспекцияның көліктегі бақылау бөлімінің басшысы немесе оны алмастыратын адам (оның жоқ болу кезіне - оны алмастыратын адам) аптасына 2 рет Стационарлық және жылжымалы бекеттің жабдығы мен мүлік тізбелерінде көрсетілген КББ жабдығы мен мүлігінің, сондай-ақ Ахуалдық орталықпен байланыс каналының бар болуын және жұмысқа қабілеттілігін тексереді.
Инспекция басшысы КББ қызметкерлерінің осы Қағиданың талаптарын сақтауын, КББ-де тиесілі құрылғылар мен мүліктердің жөнділігін, сондай-ақ бақылау-өлшеу құралдарына тексеру жүргізуді қамтамасыз етеді.»
17-тармақ екінші бөлігі алынып тасталсын.
17-1 тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«17-1. КББ қызметкерлеріне осы тармақтың бірінші бөлігінде қарастырылған негіздер бойынша автокөлік құралын тоқтатуға тыйым салынады , тексеруді қоспағанда:
1) шетелдік автокөлік құралдарымен халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру үшін қажетті рұқсаттар мен басқа да құжаттар;
2) салық органының импортталатын тауарларға тауар-көлік жүкқұжаттарының болуына және тауарлардың атауы оларда көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуіне;
3) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген тәртіппен Комитетке және оның аумақтық органдарына келіп түскен өтініштер бойынша;
4) жоспардан тыс тексеру және (немесе) бақылау субъектісінен (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.»
17-2 тармақ мынадай редакциямен толықтырылсын:
«17-2. Жүргізуші көлік құралын тоқтату туралы талапты орындамаған немесе тексеру үшін қажетті құжаттарды ұсынудан бас тартудан не көлік құралының нақты салмақтық және көлемдік параметрлерін өлшеуді жүргізуден бас тартудан көрінген кедергі келтірілген жағдайда, КББ қызметкерлері осы фактіні екі куәгердің қатысуымен (болған кезде) немесе аудиобейнежазбаның техникалық құралдарын қолдана отырып тіркегеннен кейін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғайды. ӘҚБтК-де көзделген тәртіппен және мерзімде.
Жүргізуші тексеру үшін қажетті құжаттарды ұсынудан немесе көлік құралының нақты салмақтық және көлемдік параметрлерін өлшеу жүргізуден бас тартқан және ол көлік құралын жолда қараусыз қалдырған кезде, оның орналасқан жерін анықтау мүмкін болмаған кезде КББ қызметкері:
1) көлік құралын уақытша сақтау үшін басқа көлік құралын (эвакуаторды) пайдалана отырып, арнайы алаңдарға, тұрақтарға немесе КББ-ге іргелес алаңдарға ұстауды және жеткізуді жүзеге асырады, ол туралы белгіленген нысандағы акт жасалады;
2) ұсталған көлік құралын жеткізуге мүмкіндік беретін басқа көлік құралы (эвакуатор) болмаған кезде оны куәгерлердің қатысуымен көзбен шолып қарап-тексеруді (қарап-тексеруді) жүргізеді;
3) жету қиын жерлерде тиісті қатынас құралдары болмаған кезде немесе басқа да объективті себептерге байланысты жеке тұлғаларды куәгер ретінде тартуға мүмкіндік болмаған кезде қарап-тексеру аудиобейнежазба техникалық құралдарын қолдана отырып жүргізіледі;
4) қарап тексеру аяқталғаннан кейін ұсталған көлік құралын пайдалануға тыйым салу мақсатында оның мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін алып қою жүргізіледі және ол жүру бөлігінен тыс болған кезде жетекші осьтің дөңгелектеріне екі куәгердің қатысуымен және/немесе аудиобейнежазба техникалық құралдарын қолдана отырып блокираторлар орнатылады, бұл туралы тиісті хаттама жасалады;
5) ұсталған көлік құралының алып қойылған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі буып-түйіледі, мөрленеді және КББ қызметкері мен куәгерлердің (бар болса)қолымен расталады;
6) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралғанға дейін ұсталған көлік құралының алып қойылған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі инспекция айқындайтын орында сақталады;
7) іс қаралғаннан кейін шығарылған қаулыға сәйкес ұсталған көлік құралының жүргізушісіне немесе иесіне алып қойылған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін қайтарады және оның жетекші білігінің дөңгелегіне орнатылған бұғаттағыштарды алып тастайды.
Көлік құралы тоқтағаннан кейін немесе оны КББ-ға тексеру барысында сынған жағдайда жүргізушінің іс-әрекеті КББ қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін жүзеге асыруда кедергі жасау ретінде бағалануға тиіс.
30-тармақ төртінші бөлікті келесі редакциямен толықтырылсын;
«30. Көлік құралдарының нақты салмақтық және габариттік параметрлерін тексеру және олардың Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген, жол берілетін параметрлерден асып кету шамасын айқындау арқылы ірі габаритті және ауыр салмақты көлік құралдарының жүріп өтуін көліктік бақылау мыналарды:
1) өлшеу құралы мен көлем шеңберлерін;
2) стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығын немесе жылжымалы мобильді таразыларды;
3) арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалана отырып жүргізіледі.
Өлшеу құралы мен көлем шеңберлерін қолдану мына жағдайларда жол берілмейді:
1) жабдықтың ақаулығы болуы;
2) метрологиялық салыстырып тексерістен өтпеген немесе метрологиялық салыстырып тексеру мерзiмi өтiп кеткен.
Стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығын немесе жылжымалы мобильді таразыларды, сондай-ақ арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын қолдану мынадай:
1) жабдықтың ақаулығы болуы;
2) техникалық сипаттамалары ағымдағы ауа-райы жағдайларына сәйкес келмеуі;
3) метрологиялық салыстырып тексерістен өтпеген немесе метрологиялық салыстырып тексеру мерзiмi өтiп кеткен;
4) КББ автоматтандырылған жұмыс орнына нақты уақыт режимінде салмақты өлшеу деректерін бермеген жағдайларда жол берілмейді.
Жылжымалы көліктік бақылаудың бекеттерінде көлік құралдарының нақты салмақтық параметрлерін өлшеу Ахуалдық орталыққа деректерді беру функциясы бар тасымалды мобильді таразыларда жүргізіледі.
Деректерді Ахуалдық орталыққа беру функциясы бар тасымалды мобильді таразыларда өлшеу жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, Инспекцияның көліктегі бақылау бөлімі басшысының келісімі бойынша қолда бар таразы жабдығын пайдалануға жол беріледі.».
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру.
Лауазымы Аты-жөні