АНОНС! ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді
2022 жылғы 18 қазанда орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесуі аясында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді. Күн тәртібіне сәйкес өңір өнеркәсібін дамыту бойынша қабылданып жатқан шараларды талқылау. Сонымен қатар, жұмыс сапары аясында Жамбыл облысында бірнеше өнеркәсіптік өндірістерге бару жоспарланған.
Кездесу Жамбыл облысы әкімдігінің ғимаратында сағат 12.00-де өтеді.
Тұрғындар мен БАҚ-ты кездесуге қатысуға шақырамыз.
Толық ақпарат тел: +7 702 111 58 22 – Нурболат Абдуллаев