Азаматтық авиация комитеті, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің сайтында келесі ақпаратты 2022 жылғы 9 наурыздан кешіктірмей қазақ және орыс тілдерінде жариялауды сұрайды:
«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Қорқыт Ата әуежайы» акционерлік қоғамының алдағы уақытта ішкі рейстерде әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету қызметі бойынша бағаның көтерілетіні туралы хабарламасын қарау кезінде жария тыңдаулар өткізілетіндігін мәлімдейді.
Жария тыңдаулар 2022 жылғы 18 наурызда сағат 11-00-де, Zoom қосымшасы арқылы онлайн режимінде өткізіледі (конференция идентификаторы: 253 897 7247, кіру коды: 123456aA).
Жария тыңдауларға тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары және өзге мүдделі тұлғалар шақырылады.
Байланыс телефоны: 8-7172-75-48-39, 8 775 480 67 67.