Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Жария тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды

Азаматтық авиация комитеті, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің сайтында келесі ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде жариялауды сұрайды:

«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті «Усть-Каменогорск» АҚ-ның Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда және халықаралық бағыттар бойынша техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, әуежайдың әуе кеменің ұшуы мен қонуын қамтамасыз ету бойынша реттеліп көрсетілетін қызметіне тарифті және тарифтік сметаны бекіту туралы өтінімді қарау барысында жария тыңдаулардың болатындығын мәлімдейді.

Жария тыңдаулар 2022  жылғы 28 наурызда сағат 15:00-де, ZOOM арқылы онлайн режимінде  (конференция идентификаторы: 916 299 44 57, кіру коды: mujNt2) өткізіледі.

Жария тыңдауларға тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары және өзге мүдделі тұлғалар шақырылады.

Байланыс телефондар: +7 7172 75 48 26; +7 777 413 91 28.

Хабарландыру
Дата публикации
28 февраля 2022