Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Қоғамдық кеңесі мүшелерін сайлау бойынша конкурсты өткізу туралы хабарландыру

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереже» негізінде Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Қоғамдық кеңесі мүшелерін сайлау бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды.

Қоғамдық кеңестің сандық құрамы – 22 адам, оның 6 – мемлекеттік органның өкілдері, 16 – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, Қазақстан Республикасы азаматтары.

Қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы мүшелерінің келісімі бойынша Қоғамдық кеңестің сандық құрамы 30 адамға дейін ұлғайтылатын болады.

Конкурс коммерциялық емес ұйымдардың, Қазақстан Республикасы азаматтарының арасында өткізіледі.

Қоғамдық кеңесі мүшелерін сайлау бойынша конкурсқа қатысу үшін:

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама ұсынылады.

Коммерциялық емес ұйымдардың және азаматтардың ұсыныстары кандидаттың АЖТ, қызметінің саласын, өмірбаян деректерін және байланыс мәліметтерін көрсете отырып, үлгіге сәйкес (қоса беріледі) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің атына хабарландыру жарияланғаннан күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде жіберілуі тиіс.

Кандидаттарға қойылатын талаптар:

Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматтары Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады, сондай-ақ қоғамдық кеңестерді қалыптастыру кезінде сол бір адам бір Қоғамдық кеңестің ғана мүшесі болып сайлана алады.

Жоғарыдағы талаптарға сай келмейтін кандидаттар конкурсқа жіберілмейді.

Конкурстың өткізілу мерзімі: 2022 жылғы 2 наурызға дейін.

Байланыс мәліметтері: Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму мәселелері бойынша Қоғамдық кеңесі, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт тауэр» ғимараты. Е-mail: ilyasovadiana@miid.gov.kz.

Қосымша ақпаратты алу үшін 98-32-25 нөміріне хабарласыңыз.

Хабарландыру
Дата публикации
17 февраля 2022