«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет - көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құзыретіне Индустриялық даму, жер қойнауын пайдалану, азаматтық авиация, көлік, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, қорғаныс-өнеркәсіп кешені саласындағы 107 мемлекеттік көрсетілетін қызмет кірді.
Министрлікпен 2021 жылда 244 465 мемлекеттік қызметтер көрсетті, оның ішінде "Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы – 1 179 мемлекеттік қызметтер, мемлекеттік органда қағаз түрінде – 3 538 мемлекеттік қызметтер, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық түрде – 239 748 мемлекеттік қызметтер. Есепті кезеңде бұзушылықтарға жол берілген жоқ.
2021 жылы Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мониторингілеу шеңберінде Министрлік мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін 5 бұзушылықты анықтады (көлік саласында - 3, өнеркәсіп саласында – 1, Қорғаныс өнеркәсібі саласында-1) олар бойынша Индустриялық даму комитетінің (1), Көлік комитетінің көліктік бақылау инспекциясының (3), қорғаныс – өнеркәсіп кешені департаментінің (1) қызметкерлеріне тәртіптік сипаттағы шаралар қабылданды.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 1-тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге міндетті.
2012 жылғы 1 сәуірден бастап Министрліктің құзыретіне кіретін барлық мемлекеттік қызметтер бойынша халыққа консультациялық қолдау көрсететін бірыңғай Call - орталық (1414) жұмыс істейді.
Министрліктің құзыретіне кіретін 107 Мемлекеттік қызметтің 105-і "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық форматта көрсетіледі, бұл Министрлік көрсететін мемлекеттік қызметтердің жалпы санының 97% - ын құрайды. Қалған 2 мемлекеттік қызметті Министрлік дәстүрлі түрде көрсетеді (қағаз түрінде).
107 Мемлекеттік қызметтің 23-ін жергілікті атқарушы органдар жергілікті жерлерде көрсетеді.
Сондай-ақ, Министрлік көрсететін 107 Мемлекеттік қызметтің 15-ін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамынан алуға болады.
Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қатысты барлық мәселелер бойынша көрсетілетін қызметті алушыларға министрліктің Мемлекеттік қызметтерді үйлестіру басқармасына +7(7172) 98-33-31 телефоны бойынша немесе Нұр-сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1 мекенжайы бойынша хабарласуға болады.