"Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке тариф пен тарифтік сметаны бекітуге" Өскемен әуежайы " АҚ өтінімін қарау шеңберінде Жария тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды

Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – Комитет), Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің сайтына Комитеттің Комитетінің сайтында келесі ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде жариялауды сұраймыз:

«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті 2022-2026 жылдарға арналған «Аэропорт Усть-Каменогорск» АҚ-ның Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын және халықаралық бағыттар бойынша авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша реттеліп көрсетілетін қызметіне тариф және тарифтік сметаны бекіту туралы өтінімін қарау барысында жария тыңдаудың болатындығын мәлімдейді.

Жария тыңдаулар 2021 жылдың 31 желтоқсанда сағат 11-00-де, ZOOM арқылы онлайн режимінде (конференция идентификаторы: 916 299 4457, кіру коды: mujNt2) өткізіледі.

Жария тыңдауларға тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары және өзге мүдделі тұлғалар шақырылады.

Байланыс телефондар: +7 7172 75 48 26, +7 777 413 91 28».

Объявление
Дата публикации
06 декабря 2021