Әуежайдың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтері мен тарифтік сметаларын бекітуге" Павлодар Әуежайы " АҚ өтінімдерін қарау шеңберінде Жария тыңдаулар өткізу туралы хабарлама

Азаматтық авиация комитеті, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің сайтында келесі ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде жариялауды сұрайды:

«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті «Павлодар әуежайы» АҚ-ның Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда және халықаралық бағыттар бойынша техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, әуежайдың:

  • әуе кеменің ұшуы мен қонуын қамтамасыз ету;
  • авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді және тарифтік сметаларды бекіту туралы өтінімдерді қарау барысында жария тыңдаулардың болатындығын мәлімдейді.

Жария тыңдаулар 2021 жылдың 13 желтоқсанда сағат 15:00-де, ZOOM арқылы онлайн режимінде  (конференция идентификаторы: 253 897 7247, кіру коды: 123456aA) өткізіледі.

Жария тыңдауларға тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары және өзге мүдделі тұлғалар шақырылады.

Байланыс телефондар: +7 7172 75 48 39; +7 775 480 67 67 .

Хабарлама
Дата публикации
30 ноября 2021