2021 жылғы 30 қазанда қолданысқа енгізілетін "Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 362 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2021 жылғы 13 қазандағы № 534 бұйрығымен бекітілген.
Бұйрықты қабылдаудың мақсаты Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 399-VI ҚРЗ "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес келтіру болып табылады.
Атап айтқанда, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап көліктік бақылау бекеті қызметкерінің талап етуі бойынша автокөлік құралын тоқтату үшін тиісті негіздер қолданысқа енгізіледі.
Сондай-ақ, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.06.2019 ж. № 436 "Әкімшілік құқық бұзушылықтар жасау фактілерін және көліктік бақылау органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес келтіру мақсатында бұйрыққа арнайы автокөлікті жылжымалы зияткерлік бақылау аспабымен жабдықтау бойынша толықтыру енгізіледі.
Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюдың және бекеттер қызметкерлерінің жұмысын бақылауды күшейтудің келесі жолдары енгізілді:
- көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесінде тіркелген цифрлық құжаттарды тексеруді регламенттеу;
- автомобиль көлігі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде көліктегі бақылау бөлімінің қызметкерлерін сәйкестендіру карталарымен міндетті түрде қамтамасыз ету;
- көліктегі бақылау бөлімі қызметкерлерінің жұмыс кестесі инспекция басшысы бекітетін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес әзірленеді.
Соынмен қатар, Көлік заңнамасын бұзуды анықтаған жағдайда Көлік комитетінің Ахуалдық орталығына 8-7172-98-35-35 сенім телефонына және What’s App мессенджері (+7708-088-0800) арқылы тәулік бойы хабарласуға мүмкіндік бар екендігін хабарлаймыз.