Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) қазіргі уақытта республикалық бюджетке төленетін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның бюджетіне заңды және жеке тұлғалардың көрсететін қызметтері үшін төлемдер мәселелері бойыншареттеушілік әсерді талдау нәтижелеріне қоғамдық талқылау жүргізуді жоспарлап отыр.
2021 жылғы 26 қазанда «Ашық НҚА» порталында жария талқылау үшін жаңа реттегіш құралдарды енгізу және реттеуді қатаңдату кезінде реттеушілік әсерді талдаудың Талдамалық нысаны орналастырылды. Осы Талдамалық нысанға «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы «Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы «Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобаларына салыстырма кестелер қоса беріледі.
Реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау ағымдағы жылғы 29 қазанда сағат 11.00-де ZOOM бейнеконференц байланыс арқылы өтеді.
Министрлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін қоғамдық талқылауларға қатысуға шақырады.
ZOOM бейнеконференцбайланыс қосылымына сілтеме:
https://us02web.zoom.us/j/84302783582?pwd=VHRxWFpxelA2UXJObmREWmtBZ3dGUT09
Конференция идентификаторы: 843 0278 3582
Кіру коды: 879046
Қосымша ақпарат алу үшін келесі телефондар арқылы хабарласа аласыздар: +7 (7172) 75-48-42, +7 (7172) 79-82-32.