«Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына өзгерістер енгiзу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларында:
60-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер жолаушы электрондық жол жүру құжатын (билетті) сатып алса, онда электрондық жол жүру құжаты (билет) немесе жеке басты куәландыратын құжат түпнұсқасында не цифрлық құжаттар сервисін қолдана отырып, электрондық құжат нысанында сапарды қолдану құқығы үшін жеткілікті негіздеме болып табылады, бұл ретте қағаз нысанындағы жол жүру құжаты (билет) берілмейді.»;
76-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық, қалааралық облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк) тасымалдау маршруттары бойынша жол жүру және багажды алып жүру төлемін, автовокзалдар, автостанциялар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері, сондай-ақ агенттік немесе электрондық билеттерді сататын ақпарат жүйесімен қабылданады және жолаушының жеке басын растайтын құжаттар түпнұсқасында не цифрлық құжаттар сервисін қолдана отырып, электрондық құжат нысаны негізінде жүзеге асырады. Жолаушыларды отырғызу жолаушының жеке басын куәландыратын құжатпен түпнұсқасында не цифрлық құжаттар сервисін қолдана отырып, электрондық құжат нысанында билетте көрсетілген тегi, аты, әкесiнiң атын тексеру арқылы жүзеге асырылады.»;
105-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жолаушыны рейске отырғызу жолаушының жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасында не цифрлық құжаттар сервисін қолдана отырып, электрондық құжат нысаны негізінде билетте көрсетілген тегі, аты, әкесінің атын тексере отырып, жүзеге асырылады.»;
108-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«108. Жүргiзушi рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық куәландырудан рейске (ауысымға) шыққанға дейiн немесе таксидегi жұмыс басталғанға дейiн отыз минут бұрын және рейсті аяқтағаннан кейін және жұмыстан кейін отыз минуттан кем емес уақытта жол қағазын немесе борт журналын, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжатты түпнұсқасында не цифрлық құжаттар сервисін қолдана отырып, электрондық құжат нысанында көрсету бойынша өтедi.»;
139-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«139. Багаж түбiртегi жоғалған кезде, сақтауға қабылданған багаж иесiне, оның жазбаша арызы бойынша багаждың оған тиiстiлiгi туралы дәлелдер келтiру арқылы берiледі. Бұл жағдайда багажды беру оның иесiнiң жеке басын растайтын құжаттарына сәйкес түпнұсқасында не цифрлық құжаттар сервисін қолдана отырып, электрондық құжат нысанында тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiлген қолхат бойынша жүргiзiледi.».
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі