«Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті өкілді органдары (мәслихаттар) Заңның 14-1-бабының 2-тармағына сәйкес тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін (бұдан әрі – тізбе) айқындайды.»;
5-тармақ алып тасталсын;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарын әкімшіге қағаз жеткізгіште жіберуді көздейтін Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру өтініш берушінің не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжатты немесе цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) электрондық құжатты ұсынған кезде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін Әкімшіге береді.
Өтініш беруші Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша бір ай өткен соң өтініш берген кезде Әкімші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды өтініш берушіге беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.».
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі