«Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушы 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 689 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушы 2013 жылғы

5 қыркүйектегі № 689 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 689 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8788 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидаларына:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

 «1. Осы Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 13-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.»;

4-тармақтың 4) және 5) тармақшалары алып тасталсын;

6-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6-1. Автокөлік құралдарының салмақтық параметрлерін айқындаған кезде көліктік дерекқор мен тасымалдау қауіпсіздігі динамикасының мониторингі ақпараттық талдау жүйесі (бұдан әрі – КДҚ АТЖ) автокөлік құралы салмағының өлшенген мәнінен автоматты түрде шегеретін жол төсемінің класына қарай өлшеу ауытқуы ескеріледі.

Өлшеу ауытқуы жол төсемінің I класы болған кезде: автокөлік құралдарының жалпы салмағынан – 4%, автокөлік құралдарының дара білікке түскен жүктемесінен – 7%, автокөлік құралдарының біліктер тобына түскен жүктемесінен – 6%, автокөлік құралдарының біліктер тобындағы білікке түскен жүктемесінен – 9% құрайды.

Өлшеу ауытқуы жол төсемінің II класы болған кезде: автокөлік құралдарының жалпы салмағынан – 9%, автокөлік құралдарының дара білікке түскен жүктемесінен – 14%, автокөлік құралдарының біліктер тобына түскен жүктемесінен – 12%, автокөлік құралдарының біліктер тобындағы білікке түскен жүктемесінен – 19% құрайды.

Өлшеу ауытқуы жол төсемінің III класы болған кезде: автокөлік құралдарының жалпы салмағынан – 14%, автокөлік құралдарының дара білікке түскен жүктемесінен – 19%, автокөлік құралдарының біліктер тобына түскен жүктемесінен – 17%, автокөлік құралдарының біліктер тобындағы білікке түскен жүктемесінен – 24% құрайды.»;

8-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

 «6) деректерді Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің Ахуалдық орталықтың (бұдан әрі – Ахуалдық орталық) КДҚ АТЖ-ге жіберу;»;

9-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

 «6) алыстан бақылаудың барлық функциялары Ахуалдық орталыққа арнайы автоматтандырылған өлшеу құралының байланыс арналары арқылы түседі.».

  1. Қазақстан Республикасы Индустрия   және   инфрақұрылымдық   даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

«Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушы 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 689 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
13 июля 2021