«Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 14 маусымдағы № 345 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 14 маусымдағы № 345 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 14 маусымдағы № 345 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15358 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларында:

76-тармақ алынып тасталсын;

187-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«187. Жергілікті тұрақты және арнайы ақпарларға, METAR немесе SPECI ақпарларына қосымша ретінде тікұшақтардың ұшуын қамтамасыз ету мақсатында ашық теңізде құрылыстарда орнатылған авиациялық метеорологиялық станцияларынан теңіз бетінің температурасы және жағдайы туралы ақпараттар енгізіледі»;

204-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«204. Арнайы бақылау мынадай жағдайларда әуе кемелерінің борттарынан жүргізіледі:

1) орташа және қатты турбуленттік;

2) орташа және қатты мұздану;

3) қатты тау толқыны;

4) жасырын, бүркелген ақ жауынды немесе дауыл желісі бойынша бұршақсыз найзағай;

5) жасырын, бүркелген ақ жауынды немесе дауыл желісі бойынша бұршақты найзағай;

6) қатты шаңды немесе қатты құмды дауыл;

7) жанартау күлінің бұлты

8) ҰҚЖ-дағы тежеудің нақты тиімділігі бұрын хабарланғаннан ақпардан нашар болған кезде;»;

Қағиданың 1-қосымшасында:

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Ауа райы мәліметтеріне енгізілетін қосымша бақылаулар мен ақпараттар:

1) борт ауа райының деректері;

2) шеңбер және 100 метр биіктігінде жел сипаттамаларын анықтау;.»;

31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«31. Авиациялық оқиғаларды немесе инциденттерді тексеру кезінде метеорологиялық материалдармен қамтамасыз ету:

1) тексеру үшін метеорологиялық құжаттарды ұсыну;

2) авиациялық оқиғаны немесе инцидентті тексеру жөнінде метеорологиялық құжаттардың сақталуы.

Әуеайлақта ұшуларды метеорологиялық қамтамасыз ету нұсқаулығына қосымшалар тізбесі:

1-қосымша. Әуеайлақта метеорологиялық ақпаратты тарату тәртібі.

2-қосымша. ҰҚЖ табалдырығы мен осі қашықтығын көрсетілген әуеайлақта метеорологиялық жабдықты орналастыру сызбасы.

3-қосымша. Әуеайлақта метеорологиялық жабдықты орнату орны мен құрамының кестесі.

4-қосымша. Көрінудің табиғи бағдарларының (күндізгі және қажет болғанда түнгі) және қалқандардың- бағдарлардың (бар болса) сызбасы.

5-қосымша. ӘҚҚ қызмет көрсету ауданының сызбасы.

6-қосымша. ЖДП қызмет көрсету ауданының сызбасы.

7-қосымша.ҰҚЖ-дағы көріну қашықтығы есебінің кестесі (бар болса).

Өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу парағы.

 Ескертпе: Осы Қағидалардың ережелеріне сәйкес, нақты ӘМО/МБО-ға АНҚБ жүктеген функцияларды орындауға байланысты, Ұшуларды метеорологиялық қамтамасыз ету нұсқаулығына, басқа да процедуралар енгізілуі мүмкін»;

  1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустриялар және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң енгізіледі және 2021 жылғы 4 қарашадан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

«Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 14 маусымдағы № 345 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
09 июля 2021