Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Шағын көлемді кемелерді және олар тоқтауға арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 354 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11197 болып тіркелген):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шағын көлемді кемелерді және олар тоқтауға базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Шағын көлемді кемелерді және олар тоқтауға арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының       4-бабы 3-тармағының 55-19) тармақшасына және «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-22) тармақшасына сәйкес әзірленді және шағын өлшемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) теңіз жағалауындағы суда, ішкі су жолдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа су қоймаларында пайдалану тәртібін айқындайды және жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ дара кәсіпкерлерге қолданылады.»;

2) «Көліктік бақылау органдары қызметкерлерінің әкімшілік құқық бұзушылықтар және әрекеттер жасау фактілерін тіркеп алу үшін техникалық құралдарды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы                            26 маусымдағы № 436 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18944 болып тіркелген):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көліктік бақылау органдары қызметкерлерінің әкімшілік құқық бұзушылықтар және әрекеттер жасау фактілерін тіркеп алу үшін техникалық құралдарды пайдалану қағидаларында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Инспекция қызметкерлерінің бейнежетонды тағып жүруі көлік құралдарын, жүру жолындағы жолаушылар пойыздарын, ішкі су жолдарында және су айдындарында пайдаланылатын кемелерді (оның ішінде шағын көлемді), салдарды және ішкі су жолдарында орналасқан өзге де жүзу объектілері мен құрылыстарын тексерген сәттен бастап және ол аяқталғанға дейін жүзеге асырылады.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Жазба құқық бұзушылықтардың жолын кесу кезінде сапалы дәлелдеу базасын жинауды қамтамасыз ету үшін жүргізіледі және Инспекция қызметкері көлік құралы, кемелер (оның ішінде шағын көлемді), салдар және ішкі су жолдарында орналасқан өзге де жүзу объектілері мен құрылыстары жүру жолында немесе тоқтаған кезінде жолаушылар пойыздарын тексеруді бастаған сәттен бастап қосылады және жолаушылар пойызын жүру жолында немесе көлік құралын, сондай-ақ кемелерді (оның ішінде шағын көлемді), салдар және ішкі су жолдарында орналасқан өзге де жүзу объектілері мен құрылыстарын тексеру аяқталғаннан кейін сөндіріледі.».

  1. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрлігі

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрлігі

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
09 июля 2021