ИИДМ-де көлік саласы мәселелері талқыланады

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығымен бекітілген реттегіш құралдардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларының 27-тармағына сәйкес:

  • жүк автомобильдерін, оның ішінде карьерлік өзі аударғыштарды спутниктік навигация аппаратурасымен жабдықтау мәселесі бойынша 2021 жылғы 23 маусымда сағат 15.00-де;
  • бірыңғай көліктік бақылау жүйесіне интеграцияланған көлік құралдарын өлшеудің автоматтандырылған пункттері желісін құра отырып, автокөлік құралдарының салмақтық және габариттік параметрлерін өлшеу рәсімін бәсекелес ортаға беру мәселесі бойынша 2021 жылғы 24 маусымда сағат 15.00-де Zoom бейнеконференцбайланыс арқылы кеңес өткізілетіні туралы хабарлайды.

Жоғарыда аталған мәселеге мүдделі болған жағдайда, тақылауға қатысу үшін кандидатураларды (Т.А.Ә., байланыс деректері) i.tolybaev@miid.gov.kz поштасына жолдауыңызды және 8 (7172) 98-35-33, 98-35-35 телефонына хабарласуыңызды сұраймыз.

Хабарландыру
Дата публикации
18 июня 2021