Нақты мақсаттар
Бұйрық жобасында "құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Төрағасының 2017 жылғы 14 қарашадағы № 249-нқ бұйрығына өзгерістер енгізу көзделген. Оң сараптамалық қорытынды алған ұқсас объектілерді пайдалана отырып, жобалау алдындағы кезеңде (ТЭН әзірлеу кезінде) құрылыстың сметалық құнын айқындау бөлігінде өзгерістер енгізіледі.
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 60-1-бабының нормаларына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 707 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен объектілер құрылысының құнын айқындау қағидаларының 2-тармағының нормаларына сәйкес келтіру мақсатында жобада осы бұйрыққа 1-қосымшаның кіріспесіне, 5-тармағының 39-тармақшасына, 15, 78, 79, 87-тармақтарына өзгерістер енгізу көзделген.
Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар
Жобаны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.