Ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы

Нақты мақсаттар

Әдістеме тиісінше уәкілетті орган немесе облыстардың жергілікті атқарушы органдары бекіткен тізбелер бойынша ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен халыққа берілген ауыз судың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін есептеу алгоритмін айқындайды.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Жобаны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкелмейді.

Бұйрық жобасы
Дата публикации
08 июня 2021