«Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентін бекіту туралы

Нақты мақсаттар

Бұйрықтың жобасы «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 20) тармақшасына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 20-бабының 23-7) тармақшасына сәйкестестендіру мақсатында әзірленді.

Техникалық регламент ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының өмірлік циклінің барлық сатыларындағы қауіпсіздігіне қойылатын ең аз қажетті және Қазақстан Республикасының аумағында қолдану мен орындау үшін міндетті талаптарды, сондай-ақ оларды сәйкестендіру қағидаларын, сәйкестікті бағалау қағидалары мен нысандарын, оның ішінде өнімді айналысқа шығару кезінде, құрылыс материалдары мен бұйымдарын таңбалауға қойылатын талаптарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында еркін орын ауыстыруды қамтамасыз ету үшін оны салу қағидаларын белгілейді.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Жобаны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкелмейді.

Бұйрық жобасы
Дата публикации
07 июня 2021