«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогтарын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 701 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Нақты мақсаттар

«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогтарын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы  19 қарашадағы № 701 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы өзгерістер Қазақстан Республикасы                    Премьер-Министрінің бірінші орынбасары- Ә.А. Смайылов төрағалық еткен Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен нысандарды салу кезінде шығыстарды оңтайландыру мәселелері жөніндегі селекторлық кеңес хаттамасын орындау мақсатында, сонымен қатар мемлекеттік бюджет және квазимемлекеттік сектор қаражаты есебінен құрылыс объектілерін жобалауда қаражатты үнемдеу кезінде жобалау ұйымдары үшін бонустық жүйені енгізу мәселесі мен құрылыс объектілерінің сметалық құнын есептеу кезінде оларды одан әрі пайдалану үшін шетелдік жеткізушіде сатып алған жабдықтардың дерекқорын қалыптастыру бөлігінде жұмыстар атқару үшін енгізіледі.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Жобаны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкелмейді.

Бұйрық жобасы
Дата публикации
08 июня 2021