«Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау қағидаларын, сондай-ақ қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы» 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 867 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Нақты мақсаттар

Пайдалануға берілетін бір тоғанның және (немесе) бассейннің су бетінің алаңы 0,15 га аспайтын балық өсіруді (акваөсіруді) жүргізуге арналған балық шаруашылығы технологиялық су айдындарын (балық өсіру тоғанын, балық өсіру бассейнін) техникалық сипаттамаларының нысаның меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау актісіне қосу бөлігінде өзгерістер енгізіледі (1-қосымша).

Сонымен, жобамен «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 60-бабы 2-тармағының және 74-бабының нормаларына сәйкес келтіру мақсатында меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау актісінің 2-10-қосымшаларына өзгерістер енгізу қарастырылған.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Жобаны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкелмейді.

Бұйрық жобасы
Дата публикации
04 июня 2021