«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әлеуетті жекеше әріптестің «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігін жарақтандыру жөніндегі МЖӘ жобасы» МЖӘ жобасына бастамашылық жасауы туралы хабарлайды.
Жеке компания «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы»
ҚР Заңының 32-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келеді.
Жеке компания және ол ұсынған жобаны іске асырудың коммерциялық шарттары туралы ақпарат құпия болып табылады.
МЖӘ жобасының негізгі техникалық-экономикалық параметрлері
МЖӘ бастамашылық жобасы шеңберінде 10 жыл мерзімге Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігін жарақтандыру арқылы жеке бастамашысыменен қатысу көзделеді.
Жобаның жеке бастамашысы сұрайтын бюджеттен төленетін төлемдер:
Жоба шеңберінде жекеше әріптес өндіретін қызметтерді тұтыну кепілдігі.
Жобаның жеке бастамашысы сұратқан мемлекеттік қолдау шаралары:
Жоба шеңберінде жекеше әріптес өндіретін қызметтерді тұтыну кепілдігі.
Келіп түскен өтінім шеңберінде тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге нақты қажеттілік:
МЖӘ жобасын іске асырудағы, атап айтқанда, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі үшін машина жасау және өндірістік-тоқыма бұйымдары саласындағы тауарлармен жарақтандырудағы қажеттілік мынадай себептерге байланысты негізделген:
Жобаның техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей тиесілілігі
Жоба техникалық жағынан күрделі және бірегей объектілерге жатпайды.
Әлеуетті жекеше әріптестердің оны іске асыруға мүдделілік туралы балама ұсыныстар беруіне қойылатын талаптар:
Жобаны іске асыруға мүдделі заңды тұлғалардың жобаны іске асыру бойынша өздерінің баламалы ұсыныстарын беру мүмкіндігі бар.
Бұл ретте, заңды тұлғалар:
Балама өтінімді ұсынудың соңғы мерзімі: 2021 жылғы «19» сәуір (осы хабарлама жарияланған сәттен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде).
Баламалы ұсыныстарды беру мекенжайы:
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1.
Байланыс телефоны: +7 (7172) 983-135, +7 (7172) 983-307.
e-mail: miid@miid.gov.kz