Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму мәселелері бойынша Қоғамдық кеңесі екі мүшесін сайлау жөніндегі қосымша конкурсты өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму мәселелері бойынша Қоғамдық кеңесі екі мүшесін сайлау жөніндегі қосымша конкурсты өткізу туралы хабарландыру

«Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы №383-V Қазақстан Республикасының Заңы және Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереже негізінде шығып қалған мүшелерінің орнына оның өкілеттіктерінің қалған мерзіміне Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің екі мүшесін сайлау жөніндегі қосымша конкурс жарияланады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күні ішінде қажетті құжаттарды қоса бере отырып, пошта немесе электрондық мекенжайға ұсыныстар береді

 

Конкурсқа қатысу үшін:

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші (үлгілер қоса беріледі);

2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама ұсынылады.

 

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады.

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Қоғамдық кеңес мүшелігіне сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.

Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2021 жылғы 18 наурызға дейін.

Байланыс мәліметтері: Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт тауэр» ғимараты. Е-mail: miid@miid.gov.kz; ye.sarsenbay@miid.gov.kz.

Қосымша ақпаратты алу үшін 983 228 нөміріне хабарласыңыз.

Хабарландыру
Дата публикации
03 марта 2021