Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Алматы халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамы алдағы уақытта әуе кемелерін авициялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету қызметі бойынша бағасының көтерілетіні туралы хабарламаны қарау кезінде жария тыңдауларөткізілетіндігі туралы мәлімдейді
Жария тыңдау 2021 жылдың 4 наурызда сағат 15-00-де,
Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимаратында өткізіледі.
Жария тыңдауға тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары және өзге мүдделі тұлғалар шақырылады.
Байланыс телефоны: 8 777 413 91 28.