Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму мәселелері бойынша Қоғамдық кеңесі мүшелерін сайлау бойынша конкурсты өткізу туралы хабарландыру

«Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы №383-V Қазақстан Республикасының Заңы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1194 қаулысымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереже негізінде Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму мәселелері бойынша Қоғамдық кеңестің құрамынан шыққан адамның қалған мерзіміне жаңа мүшені сайлау бойынша конкурс жарияланады.

Коммерциялық емес ұйымдардың және азаматтардың ұсыныстары кандидаттың АЖТ, қызметінің саласын, өмірбаян деректерін және байланыс мәліметтерін көрсете отырып, үлгіге сәйкес (қоса беріледі) Министрліктің атына хабарландыру жарияланғаннан күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде жіберілуі тиіс.

Кандидаттарға қойылатын талаптар:

Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматтары Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:

- сотталғандығы болмауы;

- сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

- психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.

Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады, сондай-ақ қоғамдық кеңестерді қалыптастыру кезінде сол бір адам бір Қоғамдық кеңестің ғана мүшесі болып сайлана алады.

Жоғарыдағы талаптарға сай келмейтін кандидаттар конкурсқа жіберілмейді.

Конкурстың өткізілу мерзімі: 2021 жылғы 19 ақпанға дейін.

Байланыс мәліметтері: Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт тауэр» ғимараты. Е-mail: a.erubaev@miid.gov.kz.

Қосымша ақпаратты алу үшін 98-32-38 нөміріне хабарласыңыз.

Хабарландыру
Дата публикации
08 февраля 2021