2020 жылғы 24 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің жобасы бойынша құқықтық семинар өтті.
Семинардың дәріскері Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті Заң басқармасының бас сарапшысы - Олжас Ерманханұлы.
Семинардың негізгі мақсаты Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің ережелерін түсіндіру және оларды тиісті мемлекеттік органдарда практикада қолдану болып табылады.
Семинар барысында Әкімшілік рәсімдік-процесстік Кодекс жобасының ережелері түсіндірілді, халықаралық тәжірибе мысалдары келтірілді, мысалдар негізінде презентациялар көрсетілді, оны кейіннен жұмыста қолдану үшін аса назар аудару қажет. Сондай-ақ, семинар тақырыбы бойынша бірқатар мәселелер талқыланды.
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі, осы Кодекс қолданысқа енгізілген кезден бастап «Әкімшілік рәсімдер туралы», сондай-ақ «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары күштерін жойатынына назар аударған жөн.