ХАБАРЛАНДЫРУ Автомобиль жасау саласындағы кәсіптік біліктіліктер жөніндегі салалық кеңесті құру туралы

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Кәсіптік біліктіліктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 378 бұйрығымен бекітілген Кәсіптік біліктіліктер жөніндегі салалық кеңестерді құру қағидаларына сәйкес, автомобиль жасау саласындағы кәсіптік біліктіліктер жөніндегі салалық кеңестің құрамын қалыптастыру туралы хабарлайды.

Салалық кеңестің құрамын қалыптастыруға қатысуға мүдделі мына өкілдер шақырылады:

  1. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» өкілдері;
  2. Кәсіптік біліктіліктер жөніндегі ұлттық орган өкілдері;
  3. автомобиль өнеркәсібі ұйымдарының жұмыс берушілері;
  4. салалық кәсіптік одақтар (болған жағдайда);
  5. жұмыс берушілердің салалық бірлестіктері (қауымдастықтар, одақтар), ал олар болмаған жағдайда – салалық ұйымдар;
  6. тиісті салада білім беру бағдарламаларын іске асыратын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары;
  7. тиісті салада білім беру бағдарламаларын іске асыратын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары;
  8. тиісті мемлекеттік басқару саласындағы тәуелсіз сарапшылар.

Қағидалардың 5-тармағына сәйкес, Салалық кеңестің құрамына көрсетілген санаттардың әрқайсысынан екіден артық емес өкіл енгізіледі.

Салалық кеңестің құрамына енгізу үшін қажетті құжаттар

Мүдделі тұлғалар мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:

  1. Кәсіптік біліктіліктер жөніндегі салалық кеңестерді құру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша өтініш;
  2. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес тиісті салада (өндіріс саласында) жұмыс тәжірибесін растайтын құжат.

Құжаттарды беру мерзімі

Құжаттар осы хабарландыру жарияланған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде қабылданады.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні: «___» қыркүйек 2026 жыл.

Белгіленген мерзімнен кейін келіп түскен құжаттар қарауға қабылданбайды.

Құжаттарды ұсыну тәртібі және мекенжайы

Құжаттар:

қолма-қол мына мекенжай бойынша: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі;

немесе

электрондық түрде mps@mps.gov.kz электрондық мекенжайына, электрондық хаттың тақырыбында: «Автомобиль жасау саласындағы кәсіптік біліктіліктер жөніндегі салалық кеңесті қалыптастыру үшін» деген белгімен қабылданады.

Байланыс ақпараты

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1.

Электрондық пошта: mps@mps.gov.kz.

Кеңсе: +7 (7172) 983-478, 983-136.

ХАБАРЛАНДЫРУ Автомобиль жасау саласындағы кәсіптік біліктіліктер жөніндегі салалық кеңесті құру туралы
Дата публикации
09 октября 2026