«Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, мемлекет меншігіндегі темір жолдарды салу (реконструкциялау) және жөндеу мақсаттары үшін, сондай-ақ гидротехникалық құрылыстарды реконструкциялау және жөндеу үшін пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды немесе өндіруді жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидаларын бекіту туралы»

"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 278-бабы 3-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, мемлекет меншігіндегі темір жолдарды салу (реконструкциялау) және жөндеу мақсаттары үшін, сондай-ақ гидротехникалық құрылыстарды реконструкциялау және жөндеу үшін пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды немесе өндіруді жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидалары бекітілсін.

  2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамамен белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды  қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

 

 

Лауазымы                                                                                          Т.А.Ә

 

 

 

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы Экология,

геология және табиғи ресурстар министрлігі

Ереже
Дата публикации
15 января 2020