«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы теңізшінің жеке куәліктерін беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – Бұйрық) әзірленді.
Бұйрықты қабылдаудың мақсаты Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерін беру тәртібін белгілеу болып табылады.
Бұйрық 2020 жылғы 20 қаңтарда «e-gov» ашық нормативтік құқықтық актiлердің интернет-порталында орналастырылған (https://legalacts.egov. kz/arm/admin/viewcard?id=2056078).