«ТЕҢІЗДЕ ЖҮЗУ КІТАПШАСЫНЫҢ ҮЛГІСІН, ЕРЕЖЕСІН, ОНЫ РӘСІМДЕУ ЖӘНЕ БЕРУ»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІНІҢ БҰЙРЫҚ ЖОБАСЫНА БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес «Теңізде жүзу кітапшасының үлгісін, Ережесін, оны ресімдеу және беру» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – Бұйрық) әзірленді.
Бұйрықты қабылдаудың мақсаты Қазақстан Республикасы теңізшісінің жүзу кітапшасының беру тәртібін белгілеу болып табылады.
Бұйрық 2020 жылғы 20 қаңтарда «e-gov» ашық нормативтік құқықтық актiлердің интернет-порталында орналастырылған (https://legalacts.egov. kz/arm/admin/viewcard?id=2056078).