«Alatau» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясын басқару үшін адамдарды іріктеу жөніндегі конкурстың екінші кезеңіне өткен кандидаттардың тізімі

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Alatau» арнайы экономикалық аймағын басқару компаниясын басқару үшін адамдарды іріктеу жөніндегі конкурстың екінші кезеңіне өткен кандидаттардың тізімін жариялайды:

  1. Рамазан Айдан Берікұлы;
  2. Задабек Әнес Болатұлы.

Конкурстың екінші кезеңіне жіберілген конкурсқа қатысушылар уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында конкурстың екінші кезеңіне өткен қатысушылар тізімі ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде Конкурстық комиссияның қарауына одан әрі шығару үшін мемлекеттік органға еркін нысандағы конкурстық ұсыныстарды ұсынады:

1) АЭА қызметінің мамандану бейіні ескерілген жұмыс тәжірибесі жазылған анықтама;

2) АЭА даму стратегиясының пайымдауы;

3) АЭА даму тетігі және/немесе схемасы;

4) АЭА-ға инвесторларды тарту тәсілдері;

5) күтілетін нәтижелер (сапалық және сандық көрсеткіштер);

6) мемлекеттің АЭА басқарушы компанияларына құрылтайшылары мен қатысушыларының мүдделерін ескере отырып, басқару шешімдерін қабылдау және қолдануы жоспарланған әзірлеу тәсілдері.

Конкурсқа қатысушылар көрсетілген конкурстық ұсыныстарды ағымдағы жылдың 3 маусымына дейін (қоса алғанда) di.serikbaeva@mps.gov.kz электрондық мекенжайға ұсыну қажет.

Байланыстағы тұлға: Серікбаева Динара., тел.: 8 (7172)983-256, +77019562090.

 

«Alatau» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясын басқару үшін адамдарды іріктеу жөніндегі конкурстың екінші кезеңіне өткен кандидаттардың тізімі
Дата публикации
29 мая 2026