
1983 жылы 22 қыркүйекте дүниеге келген.
2003 жылы Семей геологиялық барлау колледжін (Семей қ.) «Пайдалы қазбалар кен орындарын іздеудің және барлаудың геофизикалық әдістері» мамандығы бойынша бітірген, біліктілігі — техник-геофизик.
2006 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін (Алматы қ.) «Пайдалы қазбалар кен орындарын іздеудің және барлаудың геофизикалық әдістері» мамандығы бойынша бітірген, біліктілігі — инженер-геофизик.
2011 жылы «Қаржы» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алып, Қазақстан қаржы-экономикалық академиясын (Семей қ.) бітірді.
2017 жылы «МИСИС» ұлттық технологиялық зерттеу университетін (Мәскеу қ.) «Іскерлік әкімшілендіру шебері (МВА)» біліктілігін бере отырып, «Тау – кен өндірісінің MBA-менеджменті» бағдарламасы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 2003 жылы геологиялық барлау саласында бастады, пайдалы қазбалар, мұнай және уран кен орындарын барлауды жүзеге асыратын ұйымдарда бақылаушы-оператор, Техник және инженер-геофизик лауазымдарын атқарды.
2008 жылдан бастап «Ертіс «ӘКК «ҰК» АҚ – да (кейіннен - «Ертіс «ӘКК» АҚ) жұмыс істеді, онда менеджерден жер қойнауын пайдалану департаментінің директорына дейінгі жолдан өтті.
2019-2025 жылдары геологиялық барлау және алтын кен орындарын игеру бойынша жобаларды іске асыратын «ALAYGYR GOLD» ЖШС басқарды.
2025-2026 жылдары «Шұғыла GOLD» ЖШС директорының орынбасары қызметін атқарды.
2026 жылғы тамыздан бастап Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры болып тағайындалды.