
Бүгін ҚР ҚК Әскери-әуе күштерінің ұшағы Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан Жағыпар Қайларов пен Азықан Нұғымановтың сүйектерін Нұр-Сұлтан қаласына жеткізді.
Қазақстандық сарбаздардың сүйектерін «Искра» және «Витязь» іздеу жасақтары «Еске алу вахтасы» акциясының барысында анықтады. Іздестіру құрамы Қазақстандағы туған-туыстарын іздеу үшін «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігіне жүгінді. Айта кетейік, ұйым ресейлік іздестіру ұйымдарымен тығыз ынтымақтастық байланыста.
Олар Ақмола облысы Біржан Сал ауданы Степняк қаласы мен Алматы облысы Іле ауданы Жетіген ауылында жерленді. Қазақстанда қаза тапқан жауынгер Азықан Нұғымановтың туыстарын табу әзірге мүмкін болмады. Оны жерлеумен Біржан Сал ауданының әкімдігі айналысады, оны аудандық әскери комиссариат майданға шақырған (бұрынғы Еңбекшілдер ауданы). Жетіген кентінде Жағыпар Қайларовты туыстары қатты толқыныспен күтуде. Жерлеу рәсіміне Қорғаныс министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ардагерлер мен ауыл тұрғындары қатысады.
Қазақстандық жауынгерлердің сүйектерін табыстау және жерлеу бойынша дайындық жұмыстары ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери атташе аппаратының және Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің жәрдемімен өтті.