
Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін жиһазбен және казармалық мүкәммалмен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын дайындады.
Нормативтік құқықтық акт ҚР Бюджет кодексінің 70-бабының 3-тармағына сәйкес келтіру мақсатында дайындалды.
Қорғаныс министрі бұйрығы жобасының толық мәтінімен «электрондық үкімет» порталында биыл 1 сәуірге дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15485412 сілтеме бойынша танысуға болады.