Қазақстандық команда «Танк биатлоны» сайысын аяқтады

Қазақстандық команда «Танк биатлоны» сайысын аяқтады

Мәскеу маңындағы «Алабино» полигонында аяқталған жартылай финалдың қорытындысы бойынша қазақстандық танкішілер екінші айналымда жарыс қожайындарынан кейін уақыт бойынша екінші болып, Өзбекстан мен Қырғызстан елінен келген қарсыластарынан озып шықты.

Сайысқа қатысушылар жартылай финалда эстафета түрінде өзара бақ сынасты. Әр елден үш экипаж кезектесе отырып, үш атыс шебі мен 10 кедергісі бар жалпы ұзындығы 16 шақырымнан астам қашықтықты жүріп өтті. Қазақстандық жауынгерлер тас жолдан сенімді өтті. Ал атыс шебіндегі дистанциядан өту кезіндегі кейбір олқылықтар әскери қызметшілердің шеберлігімен өтелді.

Жарыс ережесіне сәйкес финалға шығатындарды іріктеу шарты, айналымда бірінші орынды еншілеу емес, арақашықтықты уақытында бағындыру.

«Танк биатлонынан» біздің команда бас жаттықтырушысының пікірі бойынша жартылай финалда осындай нәтиже көрсету біздің танкішілердің базалық үлгідегі қозғалтқыш күш-қуатының 840 атпен тең болуында, ал Ресей, Беларусь және Қытай қатысушыларының алға шығуы жетілдірілген танктерде өнер көрсетуінде. Атап айтқанда, ресейліктер мен белорустер күш-қуаты 1130 арғымақтың тең келетін қозғалтқышы және командирдің панорамдық жылу құрылғысы бар жаңартылған Т-72Б3-М әскери машиналарын пайдаланды. Қытай командасы өзінің Type-96В танкілерінде жарыстарға қатысуда. Ашық көздерден алынған мәліметтерге сәйкес, аталмыш танкінің қозғалтқышында 1200 арғымақтың күші-қуатына тең келетін қондырғы бар, сондай-ақ визуалдау, басқару және қуаттау механизмдері жетік.

Сонымен қатар, қазақстандық команда өнер көрсеткен күні жел қатты тұрып, ауа-райының қолайсыз болуы, ал негізгі бәсекелестеріміздің алғашқы жартылай финалда жарысқан сәтті күн райының қолайлы болуының да әсері бар.

Бұл факторлар қазақстандық танкішілердің жоғары кәсібилігі мен шеберліктеріне қарамастан жартылай финалдың нәтижесін алдын ала анықтады. Сонымен қатар, біздің командаға финалға шығу үшін қажетті уақытты көрсетуге мүмкіндік бермеді.

Жартылай финалдың нәтижелеріне сәйкес уақыт бойынша үздік 4 команда анықталды: олар – Әзірбайжан, Беларусь, Қытай және Ресей. Финалға шыққан аталмыш командалар 2020 жылғы 5 қыркүйекте өтетін Армия халықаралық ойындарының соңғы күнінде өтетін танк биатлонында жарысады.

Айта кету керек, танк биатлонына қатысушылардың дайындық деңгейі, бәсекелестігі жылдан жылға артып келеді. Біздің танкішілер тартысты күресте 16 қатысушы ел арасында бесінші орынға ие болды. Олар қысылтаяң жағдайларда өздерінің берік мінез, мақсатқа жетудегі табандылық, жеңіске деген ерік-жігер сынды қасиеттерін көрсете білді.