Қорғаныс министрлігі қаза болған әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады

Қорғаныс министрлігі қаза болған әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады

Ағымдағы жылдың 5 тамызда жоспар бойынша парашюттан секіруді орындау барысында жарақат алған аға лейтенант Мұратжан Төрегелді 2020 жылғы 1 қыркүйекте Ақтау қаласының медициналық мекемесінде дүниеден озды.

Әскери қызметшіге барлық қажетті білікті медициналық көмек көрсетілді. Алайда, оны құтқару мүмкін емес еді.

Офицер Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғаныс күштері Әскери институтының түлегі болатын.

Қорғаныс министрлігінің басшылығы аға лейтенант Мұратжан Төрегелдінің туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Бұл Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің барлық жеке құрамы үшін ауыр қаза.

Әскери борышын адал атқарған офицер туралы жарқын естелік әскери қызметшілердің жүрегінде мәңгілікке қалады.