
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің «Ғимараттарды, асханалардың, монша-кір жуу комбинаттарының үй-жайларын және олардағы әскери мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) өтеусіз уақтыша беру қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 7 тамыздағы № 422 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Бұйрықтың жаңа редакциясында 9-тармақ пысықталып, онда мүліктік жалдау (жалға алу) шартына қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жалға беруші осы қағидаларға қосымшада көрсетілген нысан бойынша қабылдау-өткізу актісіне сәйкес барлық мүлікті жалға алушыға береді.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен https://legalacts.egov.kz ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.