
Қазақстан Қарулы күштері халықаралық оқу-жаттығуларға белсенді қатысты. Қазақстан аумағында 10 екі жақты және көпұлтты оқу-жаттығу өткізілді. Олардың арасында Орталық Азия елдерінің қатысуымен «Бірлестік», Каспий теңізінде Ресей Федерациясымен бірлескен әскери-теңіз оқу-жаттығуы және арнайы мақсаттағы күштердің «Шексіз бауырластық» бірлескен оқу-жаттығуы бар. Әскери қызметшілер Ұлыбритания, Үндістан, Қытай және АҚШ сияқты елдерді қоса алғанда, шетелдерде өткен 21 халықаралық жаттығуға қатысты.