Жыл саны: 2024 жылы Қарулы күштерде 75 мың жауынгерлік даярлық іс-шарасы өткізілді

Жыл саны: 2024 жылы Қарулы күштерде 75 мың жауынгерлік даярлық іс-шарасы өткізілді

Өткен жылы Қазақстан Республикасының Қарулы күштері жоспарланған жауынгерлік даярлық іс-шараларының 99,9%-ын орындады. 75 мыңнан астам іс-шара, оның ішінде 3 мыңнан астам жауынгерлік атыс өткізілді. 1 мың тактикалық оқу-жаттығу, Құрлық әскерлерінде 35 мың практикалық атыс болды. Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері 15 мың парашютпен секіру өткізді. Әскери ұшқыштар 10 мыңнан астам ұшу ауысымын орындады. Әскери-теңіз күштерінің кемелері Каспий теңізіне 200-ден аса жорық жасады.