
Ел Президенті – Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының тапсырмасы аясында 2024 жылы Қазақстан армиясы 100-ден астам заманауи жауынгерлік машиналарды, авиациялық және басқа да техниканы, оның ішінде: 53 «Арлан» БКМ (Қазақстан), 45 бірлік COBRA II БКМ (Түркия), А-400 ауыр жүк әскери-көліктік ұшағын (Испания), «Шапшаң» көліктік-десанттық қайығын (Қазақстан) сатып алды. Бұдан басқа, Қазақстан армиясының қаруындағы 85 бірлік әскери техникаға күрделі жөндеу және жаңғырту жүргізілді.