Мемлекет басшысының өкімімен генерал-майор Руслан Нұртөлеуұлы Шпекбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен генерал-майор Руслан Нұртөлеуұлы Шпекбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

генерал-майор Руслан Нұртөлеуұлы Шпекбаев

1968 жылы 23 ақпанда Семей облысының Үржар ауданы Бестерек ауылында туған.

1989 жылы Одесса жоғары артиллериялық  командалық училищесін бітірген.

2003 жылы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Әскери артиллериялық университетін үздік бітірген.

2011 жылы Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының әскери академиясын бітірген.

Взвод командирінен бастап Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері  Бас штабы бастығының бірінші орынбасарына дейін офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеріп келеді.

  • 1989 жылғы шілдеден бастап взвод командирі, батарея командирі, дивизион командирі лауазымдарында қызмет өткерді.
  • 1994 жылғы қазаннан бастап 1995 жылғы қарашаға дейін ГФР Бундесвер артиллериялық мектебінде оқу және әскери практикадан өтті.
  • 1996 жылғы ақпаннан бастап штаб бастығы – армиялық корпустың артиллериялық полкі командирінің орынбасары болып қызмет өткерді.
  • 1997 жылғы желтоқсаннан бастап мотоатқыштар дивизиясы артиллериялық полкінің командирі болып қызмет өткерді.
  • 2003 жылғы тамыздан бастап дивизия командирінің орынбасары (оқ атумен зақымдау жөніндегі) – механикаландырылған дивизия басқармасы әскерлері зымыран және артиллерия бөлімшесінің бастығы болып қызмет өткерді.
  • 2004 жылғы қарашадан бастап өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының оқ атумен зақымдау жөніндегі орынбасары –  «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері  қолбасшысының  басқармасы әскерлер тегі зымыран әскерлері және артилериясының бастығы болып қызмет өткерді.
  • 2011 жылғы шілдеден бастап Ұлттық қорғаныс университеті әскери және мемлекеттік басқару факультеті жедел өнер кафедрасы бастығының орынбасары болып әскери қызмет өткерді.
  • 2012 жылғы қыркүйектен бастап департамент бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы Стратегиялық жоспарлау департаментінің басқарма бастығы болып әскери қызмет өткерді.
  • 2013 жылғы желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы Стратегиялық жоспарлау департаментінің бастығы лауазымында қызмет өткерді.
  • 2017 жылғы тамыздан 2020 жылғы тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бірінші орынбасары лауазымында қызмет өткерді.
  • 2020 жылғы 18 тамыздан Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды
  • ІІ дәрежелі «Данқ» орденімен наградталған.
  • Мерекелік және еңбек сіңірген жылдары үшін 10 медалі бар.