Қазақстан Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидалары жаңартылды

Қазақстан Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидалары жаңартылды

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексі 11-бабынының 1-тармағы 10) тармақшасына сәйкес ҚР Қорғаныс Министрлігі «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы» бұйрық жобасын әзірледі.

Жобада ҚР Қарулы Күштерінің Әскери-медициналық мекемелерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидалары, әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережелер, медициналық комиссиялардың құрамы және олардың жұмыс тәртібі, шақыру (жиын) пункттерінде медициналық куәландыру үшін құралдар, медициналық және шаруашылық мүліктердің тізбесі және т. б. бекітілді.

Бұйрық жобасында келесі санаттар үшін әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу тәртібі анықталды:

  • әскерге шақыру учаскелеріне тіркелетін, әскери қызметке шақырылатын және әскери-техникалық және басқа мамандықтар бойынша дайындауға түсетін азаматтар;
  • жалпы орта білім және тәрбиеленушілер бойынша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына түсетін азаматтарды;
  • орта техникалық және кәсіби, жоғары, жоғарыдан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын, оның ішінде шет мемлекеттерінің әскери оқу орындарына, сондай-ақ жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедраларға (факультеттерге) түсетін азаматтарды және әскери қызметшілерді;
  • келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылданатын азаматтар;
  • әскерге шақыру немесе келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер, әскери оқу орындарының тыңдаушылары мен курсанттары (кадеттері);
  • десанттық-шабуылдау әскерлері мен арнайы мақсаттағы бөлімдердің әскери қызметшілері;
  • әскери-теңіз күштернің әскери қызметшілері;
  • жауынгерлік жүзушілер (сүңгуірлер);
  • радиоактивті заттармен, иондаушы сәулелену көздерімен, зымыран отынының компоненттерімен, электромагниттік өрістер мен лазерлік сәулелену көздерімен қызмет (жұмыс) үшін іріктелетін және қызмет өткеретін (жұмыс істейтін) әскери қызметшілер (ҚР ҚК азаматтық персоналы);
  • әскери жиындарға немесе әскери қызметке (запас офицерлері) шақыру кезінде және (немесе) есепке алу мақсатында запастағы азаматтарды.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады: https://legalacts.egov.kz.