
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 744 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар әзірленді.
Жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуларын жүргізу тәртібі айқындалған.
Құжаттың толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады: https://legalacts.egov.kz.