
Астанаға Қытай Халық Республикасы Орталық әскери кеңесінің саяси жұмысты насихаттау бас басқармасы бастығының орынбасары Би Бинь бастаған делегация келді.
ҚР Ұлттық қорғаныс университетінде Қытай ұлт-азаттық армиясының өкілдері ҚХР әскери өнер аудиториясын аралады.
Шетелдік әріптестермен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университеті бастығының орынбасары генерал-майор Самат Төлепбаев кездесті.
Қабылдаушы тарап қонақтарды Қазақстанның әскери білім беру жүйесімен, ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің материалдық-техникалық базасымен және оның оқу бағдарламаларымен таныстырды.
Сапар барысында жан-жақты қамтамасыз ету факультеті профессорлық-оқытушылар құрамының, Әскери ғылыми-зерттеу орталығы ғылыми қызметкерлерінің және ҚХР әскери қызметшілерінің қатысуымен дөңгелек үстел отырысы өтті.