Пандемиямен күрестегі ынтымақтастық

Пандемиямен күрестегі ынтымақтастық

Қазақстан мен Ресейдің әскери дәрігерлері коронавирустық инфекциямен күрес бойынша бірлескен жұмысқа кірісті.

Қазақстан мен Ресей қорғаныс ведомстволары басшыларының әскери-медициналық ынтымақтастық туралы келісіміне сәйкес Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының әскери клиниклық госпитальдарына COVID-19 коронавирустық инфекциясы анықталған пациенттерді емдеуде тәжірибесі бар ресейлік анестезиолог-реаниматолог, инфекционист пен терапевттен тұратын әскери дәрігерлер тобы келді.

Бағдарламада емделушілердің емдеу хаттамаларын зерделеу, әскери дәрігерлердің консультациясымен семинарлар өткізу және инфекциялық ауруларды диагностикалау мен емдеу саласында тәжірибе алмасу көзделген.