Теңізде жүзуге тыйым салу аймақтары реттелді

Теңізде жүзуге тыйым салу аймақтары реттелді

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 шілдедегі №334 «Жүзуге тыйым салынған аудандарды белгілеу туралы» бұйрығы жарияланды.

Бұйрық, «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 8-5-бабы 2-тармағының негізінде және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 455 бұйрығымен бекітілген жүзуге тыйым салынған және жүзуге уақытша қауіпті аудандарды белгілеу қағидаларына сәйкес бұйрық әзірленді.

Нормативтік-құқықтық актіні қабылдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүдделерін қорғауды, сондай-ақ әскери корабльдер мен кемелер үшін оқу-жаттығулар өткізуді және навигациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.